Хардкор () — 2015 жылғы фантастикалық фильм. Режиссері және сценарисі - Илья Найшуллер. Фильм толықтай бірінші жақтан, бас кейіпкердің көзімен түсірілген. Басты рөлдерді Шарлто Копли, Данила Козловский, Хейли Беннетт сомдады. Сюжеті Бас кейіпкер Мәскеу үстіндегі стратосферада орналасқан зертханада есінде ештеңе жоқ күйде оянады. Ол — аяқ-қолы жасанды, әскери киборг. Зертханашы қыз Эстель оған оның есімі Генри екенін және өткен өмірінде ол сол зертханашының күйеуі болғаны туралы баяндап береді. Басқа ғалымдардың сөзі бойынша, ол зертханаға ауыр халде түскенін біледі, оның сол қолы жұлынған, бас сүйегі мен сүйектері толықтай сынған. Кенет зертханаға телекинез күшіне ие альбинос-адам Акан кіріп келеді. Ол барлық ғалымдарды өлтіріп тастайды, бірақ Эстель Генриді одан құтқарып үлгереді.

Сыртқы сілтемелер "Киностан" сайтында Дереккөздер

Санат:АҚШ фильмдері Санат:Ресей фильмдері