Успеноюрьевка — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Успеноюрьев ауылдық округі орталығы. Іргесі 1910 жылы қаланған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей, Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 км жерде орналасқан. Ауылды қайың, қарағай, терек өскен орман массиві қоршап жатыр. Аумағында «Лавочный» тоғаны, «Маховое» көлі орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1162912 651 71,4 459 337 73,4 453 314 69,3
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, телефон бар. «Успеноюрьевка» ЖШС жұмыс істейді. 2-дүниежүзлік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш орнатылған. Аудан орталығымен Щучинск – Николаевка автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жақын темір жол бекеті – Бурабай шипажайы (41 км).
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы елді мекендері