Миялы ауылдық округі — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Әкімшілік орталығы әрі құрамындағы жалғыз елді мекен – Миялы ауылы.
Сипаттамасы Округ солтүстігінде Жангелдин ауылдық округімен және Ақтөбе облысының Ойыл ауданымен, оңтүстік шығысында мемлекеттік жер қорымен, батысында Ойыл ауылдық округінің жерлерімен шектеседі. Округ көлемі - 24215 га, шабындық жер -2240 га, жайылымдық жер - 2143 га, егістік жер -120 га. Табиғаты - жазы ыстық, қысы қатты, жартылай шөлді - шөлейт аймақ.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7569 адамды (3839 ер адам және 3730 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Миялы 5303 6034 6473 7569
Мәдени-әлеуметтік мекемелер Округте - 2 балабақша, 2 орта, 1 орталау, 1 өнер, 1 спорт мектептері, 1 мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 орталық аурухана, 1 емхана бар.
Шағын кәсіпорындар Округ бойынша 7 ЖШС, 131 жеке кәсіпкер, 11 шаруа қожалығы, 2 АЗС, 19 жеке дүкен, 1 шайхана, 1 орталық монша, 2 жеке дәріхана, 1 кафе-бар, 1 кафе, 2 базар бар.Қарабау мен Тайсойған: энциклопедиялық басылым – Алматы: «Принт плюс», 2020. ISBN 978-601-06-6125-7
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері