Жалғансай — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Жалғансай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1133 адам (555 ер адам және 578 әйел адам) болса, 2009 жылы 1246 адамды (630 ер адам және 616 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1240 адамды (633 ер адам және 607 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Мәдени-әлеуметтік мекемелері Жалғансай орта мектебі — 2015 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. "Көктем гүлі" бөбекжай-бақшасы — 1960 жылы «Первомайский» совхозының бөлімшесі болған Жалғансай ауылында тұрғындардың балалары үшін қарапайым шатырлы үйде, 15-20 балаға арналып ашылды. Балабақша 1970 жылдан бастап 50 орындық, 1972 жылдан бастап 80 орындық болып кеңейтілді. 1976 жылы Жалғансай  бөлімшесі өз алдына кеңшар болып шаңырақ  көтеруіне байланысты, 1980 жылы 90 орындық типтік жобамен балабақша ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 1998-2002 жылдар аралығында балабақша маусымдық жұмыс кестесінде жұмыс жасады. 2004 жылы балабақша толық жөндеуден өтіп, балабақша толық қуатында жылдық жұмыс жүйесіне көшті.«Көктем гүлі» балабақшасының тарихы «Шалқыма» мәдениет үйі

Дереккөздер

Санат:Махамбет ауданы елді мекендері