Вьекес () — Пуэрто-Рикодағы ауданы бойынша екінші (135 км²) орындағы арал.

Географиясы left|thumb|440x440px|Вьекес аралының топографиялық картасы Пуэрто-Рико басты аралынан 13 км шығысқа қарай орналасқан, геологиялық тұрғыдан Виргин аралдарына қарасты (т. ғ. к. Испан Виргин аралдары — Кулебра және көптеген ұсақ аралдар).

Климаты — тропикалық, орташа айлық температурасы 28-31 °С. Жылына 1100-1400 мм мөлшерде жауын-шашын жауады.

Халқы Халық саны — 9301 адам (2010), негізінен екі қалашықта — Исабел-Сегунда және Эсперанса.

Экономикасы Экономикасының негізі — туризм және ауыл шаруашылығы (тропикалық жемістерді өсіру).

Елеулі тумалары мен тұрғындары  Луис, Хуан Франко (1940—2011) — Американдық Виргин аралдарының губернаторы (1978—1987)

Галерея

Санат:Пуэрто-Рико аралдары