Сэр Фрэнк Макфарлейн Бернет (, 3 қыркүйек 1899, Траралгон, Виктория — 31 тамыз 1985) — аустралиялық вирусолог.
Өмірбаяны Мельбурн университетін бітірген (1923), осы университеттің профессоры. Медициналық зерттеулер институтының директоры (Уолтер және Элиза Холл).
1947 жылы, ғылымға қосқан елеулі үлесі үшін, ғалым Лондон корольдік қоғамы Корольдік медалімен марапатталдыRoyal Medal ..
Негізгі жұмыстары Негізгі ғылыми бағыттары вирустар экологиясына, вирустардың қарым-қатынасы және олардың «иелері», вирустардың таралу механизмі, олардың өзгергіштік қасиеттеріне арналған. Ку-лихорадкасы қоздырғышын алғаш рет зерттеді, ол оның есімімен аталады (Rickettsia burneti). Бурнет адамның вирустық ауруларын эволюциялық және экологиялық тұрғысынан зерттейді.
Иммунология саласындағы жұмысымен аса белгілі. иммунитеттің клоналдық-селективтік теориясының авторы және иммундық толеранттылық әсерлер қызметінің алғаш ашқан; соңғы ашылуы үшін Нобель сыйлығы берілді.
Нобель жүлдесі Физиология немесе медицина саласында Нобель жүлдесі (1960).
Марапаттары Корольдік медаль (1947) Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесі (1952) Копли медалі (1959) Нобель жүлдесі физиология мен медицина саласында (1960) Британ империясының ордені рыцарь-Командоры Аустралия орденінің рыцары Жыл аустралиялық (1960)
Қайнар көзі
Шығармалары Viruses and man, L., 1953. Principles of animal virology, N. Y., 1955. Integrity of the body, Camb. (Mass.), 1962; в рус. пер.— Вирус как организм, М., 1967.
Санат:Аустралия вирусологтары Санат:Аустралия иммунологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Британ империясы орденінің рыцарь-командорлары Санат:Аустралия орденінің рыцарлары Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Корольдік медаль иегерлері