Ли Сын Хён (хангыль: 이승현; 1990 жылы 12 желтоқсанда туған), сонымен қатар Сынни (хангыль: 승리; аудармасы: жеңіс) сахналық есімімен аты шыққан Оңтүстік Кореялық поп-орындаушы, биші, актер, музыкалық продюсер және композитор. Көбінесе Big Bang тобының мүшесі ретінде танымал. Бұл ұжымға қосылмастан бұрын, Кванджу қаласының би тобының мүшесі болған. Ең алғаш рет телевизияға Let’s Cokeplay: M.Net Battle Shinhwa шоуында шықты, ол жерде кореялық атақты топ Shinhwa «екінші Shinhwa» ерлер тобына мүше болуға лайықты таланттарды іздестірген болатын. Сыннидің биші ретіндегі қабілеті мойындалып, жақсы пікірлерге ие болғанымен, вокалдық білімнің жетіспегендігінен жарыстан шығып қалды. Кейінірек оны YG Entertainment-тің агенттерінің бірі іздеп, тауып алып агенттікке шақырды, содан ол Big Bang тобына қосылды. Дегенмен топ енді құрылып жатқан кезде, Сынниді топ мүшелерінің қатарынан алып тастады, бірақ оған екінші мүмкіндік берілді. Ол осы мүмкіндікті дұрыс қолданып, YG Entertainment-тің бас директоры Ян Хен Сокқа жақсы әсер қалдыра алды, сонымен 2006 жылы BIGBANG тобында дебюті болды.
Мансап жолы Негізгі мақала: https://kk.wikipedia.org/wiki/Big_Bang
Дискография
Синглдар The Next Day" (Сыннидің соло синглы) (2008)
"Strong Baby" G-Dragon-ның қатысуымен (2009)
"VVIP" (Сыннидің соло синглы) (2011)
Мини-альбомдары VVIP (2011)
Let’s Talk About Love (2013)
Дереккөздер