Юрий Анатольевич Логвиненко (22 шілде 1988https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/84494, Ақтөбе, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстандағы ең табысты футболшылардың бірі, сегіз рет Қазақстан чемпионы атанған.
Мансабы Клубтық Ақтөбе футболының түлегі. 2005 жылы "Ақтөбе-Жас" клубынан облыстың бас клубы "Ақтөбеге" ауысты. 2006 жылы 8 сәуірде "Таразға" қарсы ойында тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 28 мамырда "Қайсар" қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл кездесу 5:0 есебімен ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды.
Ақтөбелік клуб сапында тоғыз маусымдай ойнады. Осы аралықта төрт рет Қазақстан чемпионы атанды. "Ақтөбе" сапындағы ең соңғы ойынын 2015 жылы 31 қазанда "Қайратқа" қарсы өткізді.
2016 жылы ақпанда клуб сапында алаңға жиі шыға алмағанына разы болмай, "Астанаға" ауысты. Астаналық клуб сапындағы бірінші ойынын сол жылы 14 наурызда "Шахтерге" қарсы өткізді. 13 сәуірде "Жетісу" қақпасына тұңғыш голын соқты. "Астана" сапында қатарынан төрт маусым Қазақстан чемпионы атанды.
2018 жылы клуб бапкерлігінен Станимир Стойлов кетккен соң елордалық клуб сапында алаңға сирек шығатын болды.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2008 жылы 23 мамырда Ресейге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Пайперстің кезінде құрама сапында тіпті жартылай қорғаныста да ойнады. 2012 жылы 1 маусымда Қырғызстанмен жолдастық кездесуде құрама сапындағы тұңғыш голын соқты.
2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеуінде Чехия құрамасының қақпасына екі гол соқты. 2015 жылы 3 қыркүйекте сырт алаңда тағы да Чехия қақпасына бір гол соқты, бірақ Чехиямен екі ойында да Қазақстан ұтылып қалды. 2018 жылы УЕФА Ұлттар лигасында сырт алаңда Андорра қақпасына бір гол соқты, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жетістіктері
Командалық
«Ақтөбе»
Қазақстан чемпионы (4): 2007, 2008, 2009, 2013 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2006, 2010, 2014 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (3): 2011, 2012, 2015 Қазақстан кубогы (1): 2008 Қазақстан суперкубогы (3): 2008, 2010, 2014
«Астана»
Қазақстан чемпионы (4): 2016, 2017, 2018, 2019 Қазақстан кубогы (1): 2016 Қазақстан суперкубогы (3): 2018, 2019, 2020
Жеке
2008 жылғы Қазақстанның үздік он ойыншысының бірі Қазақстанның үздік сол қанат қорғаушысы - 2016, 2017.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Ротор ФК ойыншылары