Famas(Fusil d'Assaut de la Manufacture d'Armes de St-Etienne - Сент-Этьенедегі MAS атты қару жасау кәсіпорының жасаған винтовка )- калибры 5,56 мм француз автоматы, "булл-пап" схемасына ие. Бейресми аты - "клерон"(фр. "горн").

Тарихы

Aзимпульсты оқ қолданатын қаруды 1967 жылы Францияда Полем Телье мен Ален Кубэ конструктырымен құра бастады, ал 1970 жылы тамызда 5,56x45 мм М193 атты оқ жасалды. Қару 9-мм пистолет-пулемет МАТ-49 және 7,5-мм өзі оқталатын MAS 49/56 атты қаруларды қосу үшін есептеп жасады. 1971 жылы MAC фирмасы (A1 атымен) бірінші 10 қаруды жасап сынады, ал 1973 жылы Саторе көрмесінде (A2 атымен) басқа түрін көрсетті, осы қару классының булл-пап кешені арқылы жасалған ең жақсы қару ретінде специолисттермен қабылданды. 1973-1976 жылдары қаруды сынап соңында А5 үлгісі әскерде қолдануға болады деген шешім қабылданды. Ал 1977 жылдың 8 тамызында қарудың кейбір механизмдерінің конструкциясын жақсартып франция әскеріне FAMAS F1 (А6) атымен тапсырылды. Алты жыл ішінде францияның қарулы күштері 300 мыңнан астам қару сатып алды. Тоқсаныншы жылдары GIAT Industries G1 атты жаңа жақсартылған түрін жасады ал 1994 жылы G2 түрін жасады. G2 түрімен теңіз пехотасы қаруланды ал одан кейін басқада Францияның қарулы күштері қарулана бастады.