Қызыләуіт — Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы ағынды көл. Көктал өзені алабында.
Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы, Қызыләуіт ауылының оңтүстік-шығысында 3 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 453 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,6 км2, ұзындығы 4,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км, ең терең жері 2,3 м, су көлемінің массасы 3,6 млн.м3. Қараша айының аяғында суы қатып, наурыздың 2-жартысында ериді. Ауданда көлді су жетіспеушілігіне байланысты су бөгені ретінде пайдаланады.
Жағалау сипаты Пішіні доға тәрізді, жағалауы жазық келген. Солтүстігінде Тұздыкөл, Ащыкөл, шығысында Ақкөл, оңтүстігінде Қайназар, Құйғанкөл көлдері жатыр. Батысынан Көктал өзені құяды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы көлдері Санат:Талас су алабы көлдері