Ходи Тиллаевич Зарифов, Ходи Зариф (20.3.1905, Ташкент, Табиб а. – 13.1. 1972, Ташкент) – өзбек ғалымы, филология ғылымының докторы (1965), профессор (1967), Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967).

Өмірбаяны 1923 – 26 жылы Баку оқытушылар семинариясында оқыған. Өзбекстан республикасының орталық музейінде тарих бөлімінің меңгерушісі (1929 – 30) Мәскеудегі КСРО халықтарының орталық музейінде ғылыми қызметкер (1930 – 31) Өзбекстан ҒА-ның Әдебиет және тіл институтының директоры (1944 –48) болып қызмет істеген. Ташкент педагогикалық институтында, Орта Азия мемлекеттік университетінде дәріс берген (1957 – 72). Еңбектері Ауыз әдебиетін, негізінен, эпостық шығармаларды жинап зерттеумен айналысқан. В.М. Жирмунскиймен бірігіп “Өзбек халқының батырлық жыры” монографиясын жарыққа шығарды (1947). Зарифовтың өзбек фольклоры бойынша жинаған материалдары “Кеңес фольклорының үлгілері” жинағына (1954) енген."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:20 наурызда туғандар Санат:1905 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар Санат:13 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Өзбекстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Орта Азия мемлекеттік университеті профессорлары Санат:Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Баку оқытушылар семинариясы түлектері