нобай Мінсіз дауыс (ағыл. Pitch Perfect) – режиссер Джейсон Мурдың американдық музыкалық комедия. Сценарийді жазған Кэй Кэннон. Фильм Мики Рэпкинның кітабы «Мінсіз ән айт: а-капелла вокалистының атақ қууы» бойынша түсірілген. Тұсаукесері 2012 жылдың 28 қыркүйегінде өтті.

Сюжет Барден университетінде мызкалық топқа жаңа адамдарды қабылдау басталды. Бека және Джесси университетке жаңадан  келді. Әкесімен шарт жасасқан Бека музыкалық «Барден Беллалары» атты топқа кіруді жөн көреді. Бірақ бұл топқа кезекті халықаралық сайыстағы сәтсіздік үшін ешкім қатысқысы келмейді. Сонда да топ жиналады.

Джесси ерлер «Триальтины»  тобына мүше болады. Университеттің бүкіл музыкалық топтары бір-бірімен сайысады. Бека мен топтың мүшелері арасында көп келіспеушілік болды. Себебі топ басшысы Обри жаңа композиция тандағысы келмеді. Ол бұрыннан келе жатқан әнді дайындауды бастайды. Алайда бұл Бекаға ұнамайды.

Ең алғаш сайыста «Барден Беллалар» бұрыннан бері келе жатқан би билеп, ән айтады. Олар айтарлықтай ешкімді таң қалдырмады. Ақыры олар жеңіледі. Халықаралық конкурсқа «Триальтины»  қатысуға жолдама алады.

Осы уақыт аралығында Бека мен Джесси бірге көп уақыт өткізіп, нағыз достарға айналды. Сондай-ақ Хлоя, топтың мүшесі тамағына ота жасауға мәжбүр болады. Осының кесірінен ол енді жіңішке дауыспен ән айта алмайды.

Содан соң «Барден Беллаларға» қазылар алқасы тағы да бір мүмкіндік береді. Бека мен Обри қайтадан араздасады. Бірақ Беканың арқасында олар жаңа әндерді таңдап, жаңа би үйренеді. Бұл кезде Джеси мен Бека да ұрысысып қалады.

Фильмнің соңында «Барден Беллалар»  бәрін таң қалдырып, халықаралық конкурста бірінші орын алады.   

Рөлдерде Актер/АктрисаРөліАнна КендрикБека МитчеллБриттани Сноу Хлоя БилАнна КэмпОбри ПоузенРебел УилсонТолық ЭмиСкайлар ЭстинДжесси СуонсонБен ПлаттБенджи ЭплбаунХанна Мэй ЛиЛили Онакурамара Эстер ДинСинтия Роуз АдамсАдам ДивайнБампер АлленУткарш АмбудкарДональдАлексис КнаппСтейси КонрадДжон Бенжамин ХиккиДоктор МитчеллДжон Майкл ХиггинсДжон СмитШелли РегнерЭшлиЭлизабет БэнксГейл Абернати МаКадденФредди СтромаЛюкКристофер Манц-ПлассТомми

Әндер №АтауыОрындаушыҰзақтығы1.«Don't Stop the Music»The Treblemakers3:062.«Let It Whip»The Treblemakers2:253.«Since U Been Gone»Эстер Дин, Скайлар Эстин2:274.«Cup Song»Анна Кендрик1:175.«Riff Off: Ladies of the '80s (Mickey/Like a Virgin/Hit Me with Your Best Shot), Songs About Sex (S&M/Let's Talk About Sex/I'll Make Love to You/Feels Like the First Time/No Diggity)»The Barden Bellas, The Treblemakers, and the BU Harmonics3:456.«Bellas Regionals: The Sign/Eternal Flame/Turn the Beat Around»The Barden Bellas2:407.«Right Round»The Treblemakers (feat. My Name Is Kay)3:188.«Pool Mashup: Just the Way You Are (Amazing)/Just a Dream»The Barden Bellas1:399.«Party in the U.S.A.»The Barden Bellas1:0410.«Trebles Finals: Bright Lights Bigger City/Magic»The Treblemakers2:3411.«Bellas Finals: Price Tag/Don't You (Forget About Me)/Give Me Everything/Just the Way You Are/Party in the U.S.A./Turn the Beat Around»The Barden Bellas3:3912.«Toner (Instrumental Suite)»Composed and Produced by Christophe Beck and Mark Kilian2:56

Дереккөздер Орыс уикипедиясынан аударылған.