Дикинсон Ричардс (; 30 қазан 1895 жыл, , Нью-Джерси — 23 ақпан 1973 жыл) — америкалық кардиолог, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі.

Өмірбаяны Йель университетін бітірген. 1922 жылы Колумбия университетін бітірді; 1947—1961 жылдары медицина профессоры, 1945—1961 жылдары Белвью ауруханасы медициналық бөлімінің бастығы (Нью-Йорк).

Негізгі жұмыстары А.Курнанмен бірге нормада және патологияда жүрек пен өкпенің функцияларын зерттеу үшін жаңа әдістерді әзірледі (соның ішінде жүрек катетеризациясы); травматикалық шок кезіндегі жүрек қызметінің ерекшеліктерін зерттеді.

Нобель жүлдесі Нобель жүлдесі (1956, А.Курнанмен және В.Форсманмен бірге).

Шығармалары Circulation of the blood. Men and ideas, N. Y., 1964 (A. P. Fishman бірігіп).

Санат:АҚШ кардиологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:1895 жылы туғандар Санат:30 қазанда туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:23 ақпанда қайтыс болғандар Санат:Йель университеті түлектері Санат:Колумбия университеті түлектері