Владимир Александрович Плотников (3 наурыз 1986https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/238219 , Алматы) — қазақстандық футболшы, қақпашы.

Мансап

Клубтық Владимир Плотников ең алғаш кәсіпқой келісім шартын «Тараз» футбол клубымен 2007 жылы жазған. Сол жерден қақпашы «Алматы» футбол клубыңа ауысқан.

2012 жылы Премьер-лигаға қайта оралды. Екі маусымның есебімен «Атырау» клубында 14 ойында 7 гол қақпасыңа жіберді. Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубында өзін мықты қақпашы екенін дәлелдеп алматылық «Қайрат» командасына ауысты. Алматылықтармен 3 жылдық келісім шартқа отырды. 2015 жылы алматылықтардың сапында чемпионатта 2 орын алып Қазақстан Кубогінің жүлдегері атанды.

Ұлттық құрама 2016 жылы 29 мамырда Грузияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты.

2018 жылы 26 наурызда Болгарияға қарсы екінші ойынын өткізді.

Жетістіктері

«Қайрат»

Қазақстан вице-чемпионы (4): 2015, 2016, 2017, 2018 Қазақстан кубогы (3): 2015, 2017, 2018 Қазақстан суперкубогы (2): 2016, 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:1986 жылы туғандар Санат:3 наурызда туғандар Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары