Адамдар қашанда бұрын ешкім жасамаған заттарды ойлап табуға құмар.Ежелгі Мысыр,Грек,Рим елдерінде сол елдің шеберлері ағаштан жасалған мүсіндерді жасырын механикалық тетіктер арқылы,сондай-ақ гидравликалық қысым және пневматикалық қысым арқылы "тірілту" әдісін тапқан. Ал бүгінде механикалық ойыншықтар механикалық энергия арқылы жұмыс істейді.Механикалық ойыншықтардың іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы қарапайым құрылғылар:дөңгелек резіңке,серіппе,бұрандалар және т.б арқылы қозғалуы мүмкін.Әуесқой өнертапқыштар механикалық ойыншықтардың құрылымын жиі-жиі дамытуда.Бұл ойыншық қатарына,әсіресе механикалық қуыршақтар,роботтар және жануарлар кіреді.Олардың көпшілігінде бұрандалы тетіктер болады.Осы тетіктер арқылы ойыншықтар "тірі" сияқты көрінеді. Балаларға арналған танымдық энциклопедия
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Механикалық ойыншықтар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.