Азынабай — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы Уәлиханов ауылының құрамына енген.
Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан шығысқа қарай 87 км, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 202 км жерде орналасқан. Ауыл аумағында минералды су көзі бар. Ауыл жанынан Қарасу өзені ағады.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 68 адам (31 ер адам және 37 әйел адам) болса, 2009 жылы 27 адамды (13 ер адам және 14 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Біржан сал ауданының таратылған елді мекендері