Рольф Мартин Цинкернагель (; 6 қаңтар 1944, Риэн, Швейцария) — швейцариялық иммунолог, 1996 жылғы «Адамның иммундық жүйесі саласында, атап айтқанда, оның жеңілген жасушаны анықтай алу қабілетін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Эксперименттік иммунология профессоры (Цюрих университеті, Цюрих).

Өмірбаяны Рольф Цинкернагель өмірге 6 қаңтар 1944 жылы Риэн (швейцариялық кантон Базель-Штадт) қаласында келген. Оның атасы Базель университетінде неміс әдебиетінің профессоры болатын. Оның әкесі сол уақытта Швейцариядағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі JR Geigy AG -де жұмыс істеді. Цинкернагель Базель университетін бітіріп, диссертацияны Аустралия ұлттық университетінде 1975 жылы қорғады.

1995 жылы Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесін алды. 1996 жылы Рольф Цинкернагель Питер Доэртимен бірге физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

Сілтемелер Рольф Цинкернагельдің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны

Санат:Швейцария иммунологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері