Смилодондар (; «пышақ» және «тіс») — Мысықтәрізділердің Machairodontinae (қылыш-тісті мысықтар) тұқымдас тармағының жер бетінен жойылып кеткен түрі. Жер бетінде 2,5 млн 10 мың жыл бұрын Солтүстік және Оңтустік Америкада өмір сүрген. Мегантереоннан пайда болған. Оның танымал аты — «қылыш-тісті мысық», бірақ ол дұрыс атау емес.

Сипаттамасы left|thumb|220x220px|Адам мен смилодонның пропорцияларын салыстыру left|thumb|смилодонның бас сүйегі Смилодонның дене тұқрқы арыстан мен амур жолбарысының өлшемдеріне жақын және оның салмағы - 160-280 келі (Smilodon fatalis), 220-400 келі  (Smilodon populator), олардың құйрығы қысқа болған. Смилодонның бір түрі (Smilodon populator) ең үлкен болған. Смилодон басқа қылыш-тісті мысықтардан өзінің күшті денесімен ерекшеленді.Оның жоғарғы тістерінің ұзындығы түбірімен 28 см.-ге жетті. 

Жоғарғы тісті қолдану үшін, смилодон өзінің ауызын 120° ашқан, осыған олардың астыңғы жақтың буын байланысы мен бас сүйегі түсірілген болған. Смилодон   мамонтпен, мастодонтпен, бизонмен және аттармен қоректенді. Тіршілік ету аймағы - ашық аймақтар, саванналар.

Зерттелу тарихы Осы түрді дат табиғаттанушысы, палеонтолог Петр Вильгельмом Лунд 1841 жылы сипаттаған.Бұл азамат Smilodon populator жануарының қалдықтарын алғашқы рет Минас-Жерайста (Бразилия) тапқан болатын.

Әдебиет Быстров А. П. Саблезубые тигры // Журнал «Природа», М.: изд-во АН СССР, 1950, № 12, стр. 30-37. Текст статьи.

Сілтемелер Christiansen P., Harris M. Body Size of Smilodon (Mammalia: Felidae) // Journal of Morphology, 266: 369—384 (2005).

Санат:Мысықтәрізділер Санат:Неоген Санат:Жойылып кеткен жануарлар