Жанама ұйқас — жырда негізгі желілі ұйқасқа қосарланып, ара-арасында келетін қатар тармақтардың үйлесімі. Желілі ұйқас түйдек-түйдек болып топтасатын көптеген тармақтарды қамтиды да, арасында қалып отыратын кейбір тармақтар өзара ұйқасады. Мысалы: Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз? Күдеріден бау тағып, Ақ күреуке киер ме екеміз? Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екеміз?... Ақтамберді жырауӘдебиеттану терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. - – 9965-776-24-5
Дереккөздер
Санат:Әдебиет жанрлары