Шитұмсық айқабақ () — Торғайтәрізділер отрядына жататын Acrocephalidae тұқымдасының құсы.
Үстіңгі жағы қошқыл, астыңғы жағы ақшыл, шағын денелі (12-15 г) айқабақ. Ерекшелігі: денесінің үстіңгі жағы қошқыл басын бойлай созылған жолақтары бар және "қабағы" айқын ақ түсті. Мінез-қылығы кейде шілделікті еске түсіреді: қалың қопада ұзақ еркінсейді, қауіп төнеген кезде, мылтық атқан дауыс естілсе, көпке дейін жасырынып қалады.
Қазақстанда жазықтық су қойма жағалауында, қамыс, құрақ немесе қалың бұта өскен жерлерде ұялайды. Ұшып өткен кезде барлық жерден кездесуі мүмкін, бірақ биік таулы жерлерге ешқашан ұшып бармайдыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер