Пұрсаттылық немесе Преференция ( — «қолдау») — бір немесе бірнеше мемлекеттер үшін импортталатын тауарлардың барлық немесе жекелеген топтарын әкелу кезінде ерекше қолайлы режим жасайтын артықшылықтар. Қоғамдық мәні бар проблемаларды шешу мүддесін көздеп, қайсыбір үдерістерге, құбылыстарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға мемлекеттің қолдау көрсетуі қажет болғанда қолданылады. Пұрсаттылықта салық жеңілдіктері, жеңілдікті несие, жеделдетілген тозымпұл нормалары т.б. қамтылады.Қаржы-экономика сөздігі. Алматы, экономика институты

Дереккөздер

Санат:Экономикалық терминдер