Құрқылтайрең сұлыкеш () — Торғайтәрізділер отрядының Сарыторғайлар тұүымдасының шағын денелі (15-22 г) сұлыкеш.
Жоны - қоңырқай сарғылт және басы - ақ шұбарланған қара. Ол Еуразияның тайгалық зонасында - Скандинавиядан Тынық мұхитқа дейін таралған. Қазақстанда көптеген жерлерден қыркүйек-қазандағы күзгі ұшып өту кезінде аздаған мөлшерде кездеседі. Көктемде Қостанай түбінде сәуірде тек қана бір рет кездеседі. Кейбір жылдары құрқылтайрең сұлыкештер тобы Алматы және Шымкент аймағынан кездеседіҚұстар: мектеп энциклопедиясы / А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь. - Алматы : Атамұра, 2010. - 352 б. : ISBN 978-601-282-168-0.
Дереккөздер
Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары