V деген Вендетта () — 2006 жылғы Джеймс МакТигтің режиссерлігімен және Вачовскилердің сценариі және продюсерлігі бойынша, Алан Мур мен Дэвид Ллойдтың 1988 жылғы Vertigo/DC Comics компаниясының аттас комикстер сериясы негізінде түсірілген антиутопиялық саяси триллер фильмі. Фильм желісі альтернативті болашақта орын алады.

Онда Құрама Патшалықты неофашистік режим жайлап алған. Алдын-ала ойластырылған лаңкестік әрекеттер арқылы төңкеріс ұйымдастыруды көздейтін азаттық үшін күресуші анархист V есімді кейіпкерді Хьюго Уивинг және V-дің көмегімен құтқарылған жергілікті телевизияда ассистент болып жасайтын Иви рөлін Натали Портман, сондай-ақ V-ді тоқтату үшін тергеу жүргізетін детектив рөлін Стивен Ри сомдайды.

Дереккөздер

Санат:2006 жылғы фильмдер Санат:АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер