Қойбағар — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Қойбағар ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Құндызды өзенінің бастауында.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1871 адам (931 ер адам және 940 әйел адам) болса, 2009 жылы 1723 адамды (843 ер адам және 880 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1940 жылы “Қойбағар” темір жол стансасын салуға байланысты қаланды.

Кәсіпорындары Қойбағарда вагон жөндеу, кірпіш және нан зауыттары, шағын тігін цехы, астық қоймасы, т. ж. және автомобиль вокзалдары, мұнай базасы, т.б. жұмыс істейді.

Инфрақрылымы Ауылда орта мектеп, аурухана, кітапхана, т.б. бар.

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері