Қызылсоқ – Айтау тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа шоқылы тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бабасай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Тесік, Тамшы, оңтүстігінде Құрғақшолақ қыстаулары, оңтүстік-батысында Дегерес тауы, сотүстік-шығысында Ақмолақұдық құдығы бар. Таудың саздақты бозғылт топырағында шөл өсімдіктері өскен.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 743 м. Салыстырмалы биіктігі 30-40 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың гнейстерінен, кристаллды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы таулары