Төлеп (1994-жылға дейін - Каменный) — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1965 жылы Бейнеу – Ақтау темір жолын салуға байланысты қаланды. Ауыл 1994 жылға дейін "Каменный" деп аталып келген.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 841 876 966
Инфрақұрылымы Ауылда клуб, пошта, темір жол дистанциясының бөлімшесі, ұлутас өндіретін 2 кеніш, шағын бизнес нысандары, телехабар тарататын қондырғы, телефон стансасы бар.
Транспорты Ауыл арқылы Атырау – Маңғыстау темір жолы, Атырау – Бейнеу – Ақтау автомобиль жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері