Кенжебек Мұсабайұлы Барманбеков (21 ақпан 1951 жылы, Қордай ауданы, Қасық ауылы) — суретші монументші. 1967 жылы Масанчи ауылында орта мектепті бітіріп, Бішкек қаласындағы көркем сурет училищесіне оқуға түсті. 1969-71 жылы әскери міндетін өтеп қайтқаннан кейін оқуын Алматыдағы Гоголь атындағы көркем сурет училищесінде жалғастырды. 1973 жылдан киножарнама саласында, республикалық газет-журналдарда суретші болып еңбек етті. 1985 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының " Өнер" комбинантында суретші- монументалист. 1990 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Монументалды туындылары бойынша Халықаралық, республикалық көрмелерге қатысты. Туындылары шет ел және отандық коллекция жинағына енген.Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003

Дереккөздер

Санат:1951 жылы туғандар Санат:21 ақпанда туғандар Санат:Қордай ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері