Әйімбетов Қаллы (20 наурыз 1908, Сырдария облысы, Түркістан генерал–губернаторлығы, Ресей империясы – 9 сәуір 1973, Нүкіс, Қарақалпақстан АКСР, Өзбек КСР, КСРО) - қарақалпақ кеңес әдебиет зерттеушісі, жазушы, аудармашы. 1933 жылы Алматыда Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1929 жылдан бастап КПСС мүшесі. Филологиялық ғылым докторы (1967), профессор (1968).

Шығармашылығы 1930 жылдан бастап "Қарақалпақ халқының ертегілері" атты кітаптың 1-2 томдарын жазды. Сонымен қатар "Қарақалпақ мақал-мәтелдері", "Қарақалпақ совет драматургиясының очерктері", "Халық даналығы" және т.б. еңбектердің авторы. Пушкиннің "Бекетін", Гогольдің "Ревизорын", Тагордың "Ганга қызын" қарақалпақ тіліне аударған. Осы еңбектері үшін "Құрмет орденімен" және басқа да медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы қаласы 1976 ж. 3-том

Дереккөздер