Бершүгір ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Географиялық орны Аудан орталығынан - 120, облыс орталығынан - 250 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстігінде Мөңке би, шығысында Шетырғыз ауылдық округтерімен, солтүстігі мен батысында Мұғалжар ауданымен шектеседі. Жер көлемі - 200679 га.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1571 адамды (845 ер адам және 726 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әкімшілік құрамы Құрамына Біршоғыр, Сарысай, Алабас ауылдары кіреді. Орталығы - Біршоғыр ауылы.

Тарихы 1997 жылы Амангелді ауылдық округі (орталығы Бершүгір ст.) таратылып, Ақтоғай ауылдық округіне (орталығы Қотыртас а.) қосылды. Ірілендірілген округтің жаңа орталығы Бершүгір станциясы болды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Ақтоғай ауылдық округінен Біршоғыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2019 жылы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір ауылдық округі болып өзгертілді.Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы Сол жылы округ құрамында болған Қарабұлақ ауылы таратылды.Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Инфрақұрылымы 25 шаруа қожалығы, 7 дүкен, 1 кафе-бар, 2 дәріхана, 2 монша, шаштараз, кітапхана, клуб, туб.санаторий, 6 ЖШС-і, фельдшерлік пункт, 1 емхана, пошта бөлімшесі, "Казтелеком", "Транстелеком" байланыс желілері, теміржол бойын көгалдандыру мекемесі, бір орта, екі негізгі мектеп, балабақша бар."Шалқар" энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы ауылдық округтері