Капитан Америка: Азамат соғысы () — Ағайынды режиссерлер Джо және Энтони Руссо түсірген Marvel студиясының суперқаһармандық атыс-шабыс фильмы. Марвел комиксіндегі кейіпкер Капитан Америка жайлы үшінші фильм. "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" фильмнің жалғасы.
Бұл фильм Марвел кинематографиялық әлемінің он үшінші фильмі және үшінші фазаның алғашқы фильмі. Кино 2016 жылдың 6 мамырынан бастап көрсетілді.
Сюжеті Фильм оқиғасы Альтронның шабуылынан бір жылдан кейін болады. АҚШ билігі Нью-Йоркке жасалған өзге ғаламшарлықтардың шабуылы, Күңгірт эльфтардың Гривичке шабуылы, Нигериядағы Лагосқа Алақызыл Мыстанның келтірген шығындары, Альтронның Зоковияны қиратуы барлығын қоса келгенде, әрбір суперқаһарманның актіде тіркелген болуы керектігін талап етеді. Тони Старк актты қолдайды ал Стив Роджерс бұған келіспейді. Осы уақытқа дейін бір командада болған Тони Старк (Темір адам) мен Стив Роджерс (Капитан Америка) екіге бөлінеді. Старктің жағына Вижн (Аян), Джеймс Роудс (Соғыс машинасы), Т'Чалла (Қара Пантера), Наташа Романофф (Қара Жесір) және Питер Паркер (Өрмекші адам) өтеді. Ал Капитанның жағына Сэм Уилсон (Қыран), Баки Барнс (Қысқы жауынгер), Ванда Максимофф (Алақызыл мыстан) Клинт Бартон (Қаршыға көз), Скотт Лэнг (Құмырсқа-адам) және де S.H.I.E.L.D. агенттері өтеді.
Рөлдерде Актёр Рөль Крис Эванс Стив Роджерс / Капитан Америка Роберт Дауни-кіші Тони Старк / Темір адам Себастиан Стэн Джеймс "Баки" Барнс / Қысқы жауынгер Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір Энтони Маки Сэм Уилсон / Қыран Джереми Реннер Клинт Бартон / Қаршыға көз Чедвик Боузман Т'Чалла / Қара пантера Элизабет Олсен Ванда Максимофф / Алқызыл мыстан Пол Беттани Вижн / Аян Дон Чидл Джеймс "Роуди" Роудс / Соғыс машинасы Пол Радд Скот Лэнг / Құмырсқа-адам Том Холланд Питер Паркер / Өрмекші адам Фрэнк Грилло Брок Рамлоу / Кроссбоунс Даниэль Брюль Гельмут Земо Уильям Хёрт Таддеус Росс Эмили Ванкэмп Шэрон Картер / Агент 13 Мартин Фримен Эверетт Росс Гвинет Пэлтроу Вирджиния "Пеппер" Потс Стэн Ли Камео
Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері Санат:Энтони және Джо Руссо фильмдері Санат:2016 жылғы фантастикалық фильмдер Санат:2016 жылғы атыс-шабыс фильмдері