Оскар (, 2005 жылы дүниеге келген) — дауасыз дертке ұшыраған адамдардың өлімін алдын ала болжайтын, Род-Айленд штатының Провиденс қаласындаға қарттар үйінде өмір сүретін мысық. 2007 жылдың шілдесінен бастап әлемге әйгілі болды. Бұл құбылыстың нақты түсініктемесін әлі ешкім таба алмадыТом Леонард. Cat predicts 50 deaths in RI nursing home, The Daily Telegraph, 1 ақпан 2010 жыл..

Өмірбаяны Оскарды қарттар үйіне әлі кішкентай күнінде алып келген. Оны үйсіз жануарларға арналған панадан шығарып, оңалту орталығына алып келген. Ол бірден ғимараттың ақыл-есі кем және Альцгеймер дертіне шалыққан адамдар жататын үшінші қабатынан өзіне орын тауып алады. Жарты жылдан кейін медицина қызметкерлері мысықтың дәлізді аралап, палаталарға кіретіндігін байқайды. Сонымен қатар ол белгілі бір науқастардың жанына отырып, сол жерден кетпейтін. Осы бір құбылыстан кейін көп уақыт өтпей дертке шалдыққандар өмірден озатынӨлімді болжағыщ мысық. Бірнеше жыл ішінде Оскар 50-ден астам өлімді болжады.

Кейбір науқастардың туысқандары Оскарға алғыстарын білдіретін. Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында боладыӨлімді болжау.

Браун университетінің профессоры Давид Доса бұл құбылыс туралы “New England Journal of Medicine” журналында жарияланған мақаласында мысықтың еш жаңылмағандығын 25 рет дұрыс жорығанын мәлімдеді.Фелинология немесе мысықтың пайдасы

Дәрігерлер де, ғалымдар да Оскардың бұл қабілетіне түсінік бере алмады. Алайда зерттеушілер бұл болжаудың табиғаты тек медициналық тұрғыдан екендігін және ешбір бөгде күштің жоқ екендігін айтадыUS cat 'predicts patient deaths', BBC News, 26 шілде 2007 жыл.Cat senses impending death, The Register, 16 шілде 2007 жыл..

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Oscar the Cat Picture in The New England Journal of Medicine. Санат:Әйгілі жануарлар