Бөріжар – Арыс өзенінің алабында.
Географиялық орны Түркістан облысы Ордабасы ауданы жерімен ағатын өзен. Сайрамсу өзенінің сол тармағы. Жамбыл ауылының тұсында Бадам өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 57 км. Су жиналатын алабы 1,7 мың км², жылдық ағымының мөлшері 0,025 м³, жылдық су ағымы 0,77 м³/с. Сәуір айының ортасында су деңгейі көтеріледі. Жаздың ыстық айларында өзеннің суы қарасуларға бөлініп қалады. Көктемде суы тұщы, жазда ішуге жарамсыз. Көбінесе мал суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Ордабасы ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы