Қарамөңке ғибадатханасы — (Бейнеу ауданының шекарасында) Бейнеу -Маңғыстау теміржол тармағының Үстірт стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 10,5 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш типологиясы бойынша Байте тобына жатады.
Қарамөңке ғибадатханасының орталық элементі — жоспарда жомалақ қабырғалары құлаған бұл мәдени құрылыс жерлеу ескерткіші емес. Бұл жерде жерленгеннің және жерлеу құрылыстарының қалдықтары да көрінбейді (сүйек, заттар); сонымен қатар, оттың, үлкен шеңбер қабырғаларымен шектелген жер үсті құрылыстары байқалмады.
Шеңбер қабырғаның сыртқы беті тақта тастармен жақсы өңделген, ішкі кеңістік көрінбек үшін қабырғадағы саңылауы ұсақ тастармен бекітілген. Қабырғаның негізгі көлемі бір қатар етіп қалап, тұрғызылған. Кейбір жерлерде цокольдағы тақта тастар қосымша екінші тастармен (ішінен) қаланған. Екі қаламаның үстінен үлкен тақта тас қойылған, сол себеппен қалама қайта бір қатарға айналған.
Шеңбер қабырғамен қоршалған ішкі кеңістікте дәліс "дромос" арқылы өткен; ішінде ішкі кеңістікті екіге бөліп тұратын тас қоршау орналасқан.
Тас мүсіндердің қалдықтарымен қатар тас табылды. Осындай құрбандық табақ-тостаған Бәйте 3 аумағында да табылған.
Ғибадатхананың басты құрылымына 8 тас үйіндісі, 2 тас қаландысы, 5 тас құрбандық ыдыс немесе оның сынықтары , бір стела-меңгір, 80-ге жуық үлкен және орташа антропоморфты тас мүсіндердің қалдықтары қосылады.
Оның және бір ерекшелігі, басқада Үстірттегі ғибадатханалар сияқты мұнда заттай олжалардың, сүйек және жерлеу орнының болмауы б.з.д. 4-2 ғғ. жатқызылады. Ескерткіштердің жасын анықтау тас мүсіндегі қылыш пен қанжарларға қарап қойылады. Қазіргі жер бетінен табылған қиыршық тастардың ғибадатханаға еш қатысы жоқ. Ғибадатхана шамамен б.з.д. 4-2 ғғ. аралығңында қызмет еткен. Басқада Батыс Үстірт ғибадатханалары сияқты көшпелі ел өмірінен қалған ескерткішті, мәдениеті және этномәдениеті жағынан сармат немесе сақ-массагеттер болуы да әбден мүмкінҚазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, Маңғыстау облысы, аст Прайм баспасы, 2012, ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы 1993 ж. есебі.
Дереккөздер