Теннистен Франция ашық чемпионаты (; сондай-ақ Ролан Гаррос () ретінде де танымал) — жыл сайын Францияның Париж қаласындағы «Стад Ролан Гаррос» аренасында Франция теннис федерациясы ұйымдастыратын теннис турнирі. Ол жыл сайынғы төрт Үлкен дулыға турнирінің ішінде хронологиялық тәртіп бойынша екінші орында тұр, яғни Аустралия ашық чемпионатынан кейін, ал Уимблдон мен АҚШ ашық чемпионатының алдында өтеді. Бұл жарыс 1891 жылы құрылғанымен, 1925 жылы ғана Үлкен дулыға мәртебесіне ие болды.
Франция ашық чемпионаты мамыр айының соңында басталып, екі аптаға созылады. Турнир мен арена атауы француздық авиация пионері әрі әскери ұшқыш Ролан Гаррос есімімен аталған.
Франция ашық чемпионаты — әлемдегі ең беделді топырақ төсенішті турнир және қазіргі уақытта тек осы жабындыда өткізілетін жалғыз Үлкен дулыға турнирі. Корттың топырақ жабындысы ұзақ алмасуларға (роллингтерге) және жоғары физикалық төзімділікке қолайлы болғандықтан, сондай-ақ ерлер арасындағы чемпион атану үшін бес сеттің үшеуін ұту арқылы жеті айналымнан өту қажеттілігіне байланысты, Франция ашық чемпионаты теннистегі ең ауыр физикалық сынақ болып есептеледі.
Тарихы Ең алғаш турнир 1891 жылы біркүндік ел чемпионаты түрінде өткен. Ол кездегі жарысқа француздық теннисшілер және тек француз клубтарында өнер көрсететін шетелдік теннисшілер ғана қатыса алды. Турнирдің ең алғашқы жеңімпазы ағылшындық </span>Х. Бриггс (ағылш. H. Briggs). 1897 жылғы турнирге әйелдер де қатысып, ең алғашқы жеңімпаз Франсуаза Массон (фр. Françoise Masson) болды. Турнир бастапқыда танымал болған жоқ. Оның басты себебеі — әлемнің үздік теннисшілерінің бұл жарысқа қатыса алмауы. Себебі бұл кезде бұл жарыс жабық чемпионат болған болатын. Тек 1925 жылы ғана турнир халықаралық статусқа ие болды.
Француз теннисінің өркендеуі Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бұл біріншіліктің қайта жалғасқан кездерінен басталады. Соғысқа дейін-ақ бұл турнирді 15 жасында ұтып алған Сюзанн Ленглен, соғыстан кейін де 1920—1926 жылдары ұйымдастырылған жеті чемпионаттың алтауын ұтып алды.
1968 жылы "Ашық Эраның" басталуының арқасында кәсіпқой теннисшілер әуесқойлармен қатар жарысқа түсуіне рұқсат етілді. Кен Розуэлл атты теннисші қыз жаңа эра кезеңіндегі алғашқы жеңімпаз болып, 15 000 франк көлемінде сыйақы алды. Ал Нэнси Ричи қыздар бәсекесін ұтып алды. Корттар thumb|240x240px|Сюзанн Ленглен корты «Ролан Гаррос» теннистік комплексінің салынуының тарихы да өте қызықты. 1927 жылы Дэвис кубогінде АҚШ және Франция құрамалары кездеседі. Бірінші кездесу АҚШ-та өтеді. Күтпеген оқиға тіркеліп, мұнда француздар жеңіске жетеді. Енді жауапты кездесу келесі жылы Францияда өту керек болады. Алайда, Парижде бұл уақытта мұндай ірі шараны өткізетін теннис стадионы жоқ еді. Бұған дейін Франция чемпионаты «Стад Франсе» клубының шөпті кортында өткізіліп жүрген болатын. Сондықтан да бұл жеңіс жаңа стадионының салынуына септігін тигізді.
«Стад Франсе» клубы және жергілікті биліктің бірігуімен Porte d’Auteuil аймағына жақын жерден 3 гектар жер бөлінді. Клуб шарты бойынша, жаңа комплекс клубтың бұрынғы мүшесі, француз халқының батыры, пионера-авиатор, әскери ұшқыш Роллан Гарростың (1888—1918) атымен аталатын болды. Сонымен қатар, Роллан Гаррос Жерорта теңізін алғаш ұшақпен қиып өткен адам болатын. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына бес апта ғана уақыт қалғанда өмірден озды.
«Ролан Гаррос» стадиондары — әлемдегі ең ірі әрі беделді стадиондардың бірі. Алайда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл жер нағыз қайғылы орындардың біріне айналды. Неміс солдаттары Францияны басып алғаннан кейін, Роллан Гаррос теннистік комплексін уақытша лагерь ретінде пайдаланған. Нацистер мұнда еврей халқын шығысқа апаруға үшін жинаған және көптеген еврей халқының өкілдері сол шығыста қаза тапқан.
Әр түрлі кезеңдерде «Ролан Гарросқа» көптеген өзгерістер мен кеңейтілімдер жүргізілген. «Ролан Гаррос» теннистік комплексі груннты корттардың отаны деп те саналады.
Теннистік комплекстің Орталық корты 1928 жылы салынған және бір мезетте 15 мың көрерменді қабылдай алады. 2001 жылы Орталық корт Франция теннис президентінің бұрынғы президентінің құрметіне Филиппа Шатрие (фр. Court Philippe Chatrier) деп атауын өзгертті. Маңызы жағынан екінші дәрежелі корт әйгілі француз теннисші әйелі Сюзанн Ленгленнің (фр. Court Suzanne Lenglen) құрметіне аталған. Сыйымдылығы — 10 мың көрермен. Корт № 1 (Court No.1) атты корт болса 3 700 көрерменді қабылдай алады.
Турнир кезеңінде матчтарды Париж мэриясының алдына қойылған үлкен экраннан тамашалауға болады. Көрермендер де бұл жерде нағыз теннисті қарағандай болып отырады.
Жүлде қоры мен рейтингтік ұпайлар Жүлде қоры 2025 жылы жүлде қоры €56,352 миллионды құрады, бұл 2024 жылғы турнирмен салыстырғанда 5,37%-ға көп. Жарыс түріЖеңімпазФиналистЖартылай финалШирек финал1/8 финал1/16 финал1/32 финал1/64 финалQ3Q2Q1 Жекелей сыны €2,550,000 €1,275,000 €690,000 €440,000 €265,000 €168,000 €117,000 €78,000 €43,000 €29,500 €21,000 Жұптық сыны1 €590,000 €295,000 €148,000 €80,000 €43,500 €27,500 €17,500 Микст (аралас жұптық)1 €122,000 €61,000 €31,000 €17,500 €10,000 €5,000 Коляскадағылардың жекелей сыны €63,900 €31,950 €20,600 €12,360 €8,750 Коляскадағылардың жұптық сыны1 €21,650 €11,350 €8,250 €5,150 Квад коляскадағылардың жекелей сыны €63,900 €31,950 €20,600 €12,360 1 €21,650 €11,350 €8,250 1 Жұптық сындағы жүлде қоры әр командаға беріледі.
Рейтингтік ұпайлар Ерлер мен әйелдер өзінің тиісті турларының ережелеріне сәйкес ұпайлар алады.
Ересектер ұпайлары Жарыс түрі Ж ФЖФШФ1/8 финал1/16 финал1/32 финал1/64 финалІріктеу (Q)Q3Q2Q1Ерлердің жекелей сыны200013008004002001005010251680Ерлердің жұптық сыны0 7804302401307010403020210
Коляскадағылардың ұпайлары Жарыс түріЖФЖФ/3-орынШФ/4-орынЖекелей сыны800500375100Жұптық сыны800500100Квад жекелей сыны800500100800100
Жасөспірімдер ұпайлары Жарыс түріЖФЖФШФ1/8 финал1/16 финалІріктеу (Q)Q31000600370200100453020Қыздардың жекелей сыны75045027515075
Чемпиондар Қазіргі чемпиондар + 2026 жылғы Франция ашық чемпионаты
Соңғы финалдар 2026 жылғы турнирЧемпионФиналистЕсеп Ерлердің жекелей сыны Александр Зверев Флавио Коболли 6–1, 4–6, 6–4, 6–7(5–7), 6–1 Әйелдердің жекелей сыны Мирра Андреева Майя Хвалиньская 6–3, 6–2 Ерлердің жұптық сыны Марсель Гранольерс Орасио Себальос Харри Хелиоваара Генри Паттен6–4, 6–2 Әйелдердің жұптық сыны Катержина Синякова Тейлор Таунсенд Анна Данилина Александра Крунич6–2, 7–5 Аралас жұптық сын Сара Эррани Андреа Вавассори Габриэла Дабровски Эван Кинг4–6, 6–3, [10–4]
Рекордтар
Рекорд Дәуір Ойыншы(лар) Саны Жылдары1891 жылдан бергі ерлерЕң көп жекелей титулдар Ашық дәуір Рафаэль Надаль14 2005–2008, 2010–2014, 2017–2020, 2022 Әуесқойлар дәуірі Анри Коше4 1926, 1928, 1930, 1932 ● Дүниежүзілік жабық корттар чемпионаты: 1922 Француз чемпионаты* Макс Декюжи8 1903–1904, 1907–1909, 1912–1914Қатарынан ең көп жекелей титулдар Ашық дәуір Рафаэль Надаль5 2010–2014 Әуесқойлар дәуірі Фрэнк Паркер Ярослав Дробный Тони Траберт Никола Пьетранджели2 1948–1949 1951–1952 1954–1955 1959–1960 Француз чемпионаты* Поль Айме4 1897–1900Ең көп жұптық титулдар Ашық дәуір Даниэль Нестор Максим Мирный4 2007 (Марк Ноулзпен), 2010 (Ненад Зимоничпен), 2011, 2012 (Максим Мирныймен). 2005, 2006 (Йонас Бьоркманпен), 2011, 2012 (Даниэль Нестормен). Әуесқойлар дәуірі Рой Эмерсон6 1960, 1962 (Нил Фрейзермен), 1961 (Род Лейвермен), 1963 (Мануэль Сантанамен), 1964 (Кен Флетчермен), 1965 (Фред Столлмен). Француз чемпионаты* Макс Декюжи13 1902–1909, 1911–1914, 1920Қатарынан ең көп жұптық титулдар Ашық дәуір Даниэль Нестор3 2010–2012 Әуесқойлар дәуірі Рой Эмерсон6 1960–1965 Француз чемпионаты* Морис Гермо10 1906–1914, 1920Ең көп микст титулдары Ашық дәуір Жан-Клод Баркли3 1968, 1971, 1973 (Франсуаза Дюррмен). Әуесқойлар дәуірі Кен Флетчер3 1963–1965 (Маргарет Кортпен). Француз чемпионаты* Макс Декюжи7 1904–1906, 1908–1909, 1914 және 1920 (Сюзанн Ленгленмен).Барлық титулдар қосындысы(жекелей, жұптық және микст) Ашық дәуір Рафаэль Надаль14 2005–2008, 2010–2014, 2017–2020, 2022 (14 жекелей) Француз чемпионаты* Макс Декюжи28 1902–1920 (8 жекелей, 13 жұптық, 7 микст)1897 жылдан бергі әйелдерЕң көп жекелей титулдар Ашық дәуір Крис Эверт7 1974–1975, 1979–1980, 1983, 1985–1986 Француз чемпионаты* Сюзанн Ленглен6 1920–1923, 1925–1926 ● Дүниежүзілік жабық корттар чемпионаты: 1914, 1921–23Қатарынан ең көп жекелей титулдар Ашық дәуір Моника Селеш Жюстин Энен Ига Свентек3 1990–1992 2005–2007 2022–2024 Француз чемпионаты* Жанна Маттей Сюзанн Ленглен4 1909–1912 1920–1923Ең көп жұптық титулдар Ашық дәуір / Мартина Навратилова7 1975 (Крис Эвертпен), 1982 (Анна Смитпен), 1984–1985, 1987, 1988 (Пэм Шрайвермен), 1986 (Андреа Темешваримен). Француз чемпионаты* Симон Матьё6 1933, 1934 (Элизабет Райанмен), 1936–1937, 1938 (Билли Йоркпен), 1939 (Ядвига Енджеёвскаямен).Қатарынан ең көп жұптық титулдар Ашық дәуір Мартина Навратилова Гиги Фернандес5 1984–1985, 1987–1988 (Пэм Шрайвермен), 1986 (Андреа Темешваримен).1991 (Яна Новотнамен), 1992–95 (Наташа Зверевамен). Француз чемпионаты* Франсуаза Дюрр5 1967–1971Ең көп микст титулдары Ашық дәуір Франсуаза Дюрр3 1968, 1971, 1973 (Жан-Клод Барклимен). Француз чемпионаты* Сюзанн Ленглен7 1914, 1920 (Макс Декюжимен), 1921–1923, 1925, 1926 (Жак Брюньонмен).Барлық титулдар қосындысы(жекелей, жұптық және микст) Ашық дәуір / Мартина Навратилова11 1974–1988 (2 жекелей, 7 жұптық, 2 микст) Француз чемпионаты* Сюзанн Ленглен15 1919–1926 (6 жекелей, 2 жұптық, 7 микст)Коляскадағылар: 2007 жылдан бері жекелей және жұптық, 2019 жылдан бері квадтарЕң көп жекелей титулдар Ерлер Синго Куниэда8 2007–2010, 2014, 2015, 2018, 2022 Әйелдер Эстер Вергеер Диде де Гроот6 2007–2012 2019, 2021–2024, 2026 Квадтар Дилан Олкотт Нилс Винк3 2019–2021 2022, 2023, 2026Қатарынан ең көп жекелей титулдар Ерлер Синго Куниэда4 2007–2010 Әйелдер Эстер Вергеер6 2006–2009 Квадтар Дилан Олкотт3 2019–2021Ең көп жұптық титулдар Ерлер Синго Куниэда8 2007–2011, 2013–2015 Әйелдер Аниек ван Кут9 2010, 2013, 2015, 2018–2022, 2024 Квадтар Нилс Винк4 2022, 2024–2026Қатарынан ең көп жұптық титулдар Ерлер Алфи Хьюитт Гордон Рид7 2020–2026 2020–2026 Әйелдер Диде де Гроот Аниек ван Кут5 2018–2022 2018–2022 Квадтар Дэвид Вагнер Нилс Винк3 2019–2022 2024–2026Басқа көрсеткіштерІріктеуден өтпей қатысып жеңімпаз атанғандар Ерлер Матс Виландер Густаво Куэртен Гастон Гаудио1982 1997 2004 Әйелдер Маргарет Скривен Елена Остапенко Ига Свентек Барбора Крейчикова 1933 2017 2020 2021 Ең жас жекелей сынының чемпионы Ерлер Майкл Чанг17 жас 3 ай (1989) Әйелдер Моника Селеш16 жас 6 ай (1990)Ең егде жастағы жекелей сынының чемпионы Ерлер Новак Джокович36 жас 20 күн (2023) Әйелдер Жужа Кермеци33 жас 10 ай (1958)
Француз чемпионаты (1891–1924) тек Франция клубтарының мүшелеріне ғана ашық болды. 1925 жылы ол шетелдік ойыншылар үшін де ашылып, кейін 1968 жылы кәсіпқойлардың әуесқойлармен жарысуына рұқсат етілгеннен кейін «Франция ашық чемпионаты» болып өзгертілді. WHCC қараңыз.
Тағы қараңыз Үлкен дулыға Аустралия ашық чемпионаты Уимблдон АҚШ ашық чемпионаты
Сілтемелер Ресми сайт ATP сайтындағы турнир профилі WTA сайтындағы турнир профилі ITF сайтындағы турнир профилі
Дереккөздер
Санат:Теннистен Франция ашық чемпионаты