Саумалкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік батыс бөлігінде, Саумалкөл темір жол станциясынан 10 км жерде, Қарағанды тауының етегін ала теңіз деңгейінен 632, 2 м биіктікте орналасқан көл.

Гидрографикасы Ауданы 13,2 км2, ұзындығы 5,2 км, ең терең жері 1,5 м. Жағалауының ұзындығы 16,8 км су жиналатын ауданы 307 км2. Көктемде еріген қар және жер асты сулары мен қоректенеді. Көлдің солтүстік батыс бөлігіне Қарағанды тауынан ағатын екі бұлақ (ұзындығы 23 және 10 км) құяды. Суының көлемі 13 млн м3 - тен асады. Суы тұзды, кермек. Түбі лайлы, лайында күкіртті сутегінің иісі бар.

Жағалау сипаты Көлдің оңтүстік жағасы түйетайлы, солтүстігі жарлауытты (биіктігі 15 м) келеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы көлдері