Мартөбе, Мәртөбе — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Қызылсу өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 3,0 мың адам (2003); 4,2 мың адам (2009).

Тарихы Ауылда 1996 жылдан бері «Мартөбе» ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері