Николай Романович Шагов(04.03.1882, Кострома губерниясы, - 09.06.1918, Кострома қаласы) - Ресейдегі революциялық қозғалысқа қатысушы. 1905 жылдан Компартия мүшесі. Өмірбаяны Жұмысшы - тоқымашы отбасысында туған. 1905 - 07 жылғы революцияға Иваново - Вознесенскіде қатысты. 1912 жылы Кострома губерниясы жұмысшыларының атынан Мемлекеттік 4 - думаға депутат болып сайланды. 1913 жылдан Мемлекеттік 4 - думадағы большевиктік фракцияның мүшесі. "Правдаға" мақала жазып тұрды. РСДЖП ОК-нің Краков пен Порониндағы кеңесіне қатысты (1913). 1914 жылы тұтқынға алынып, 1915 жылы Турухан өлкесіне жер аударылды. 1917 жылдан Ақпан революциясынан кейін ауыр науқастанып, Петроградқа қайтып оралды. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 160 бет

Санат: 1882 жылы туғандар Санат: 1918 жылы қайтыс болғандар