Мұхаммадқадыр Маматқұлұлы Абдуллаев (; 15 қараша 1973https://www.olympedia.org/athletes/8806, Андижан, Өзбек КСР) — өзбек боксшысы.

Биографиясы Мұхаммадқадыр Абдуллаев 1973 жылы 15 қараша күні Өзбек КСР-ның Әндіжан қаласында дүниеге келді. Әуесқой кезінде ол 1999 жылғы әлем чемпионатында және 2000 жылғы Олимпиадада жартылай орта салмақта алтын медаль жеңіп алды, Өзбекстанда Олимпиада туын ұстаушы болды.

Мансабы мен жетістіктері 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 1999 жылғы әлем чемпионы, 1997 жылы Азия чемпионы, 1998 жылы Азия ойындарының чемпионы, 1998 жылы бокстан әлем кубогының иегері, 1999 және 2000 жылдары - Өзбекстанның үздік спортшысы, Өзбекстанның еңбегі сіңген спортшысы. «Эл-юрт Хурмати» ордені және «Шухрат» медалімен марапатталған. 2001 жылы Мұхаммадқадыр Абдуллаевтың бейнесі Өзбекстан пошта маркасында шығарылған. Өзбекстан спорт тарихында алғашқы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Дереккөздер

Сілтемелер

Олимпиададағы статистикасы

Санат:Өзбекстан боксшылары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Азия ойындары чемпиондары Санат:Өзбекстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Бокстан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары