Назым Мұратханова Мұратханқызы - биші, театр артисті. Ол 1977 жылы 5-ші ақпанда дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Назым Мұратханова 1998 жылы Мемлекеттік қыздар педагогика институтын хореография мамандығы бойынша бітірді. Ол Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Биші ретінде қатысқан спектакльдері:
Т. Ибрагимовтың, Т.Базарбаевтың “Жас Абай” Н. В. Гогогльдің “Ревизор” М. Сәрсеке “Заңды неке” “Жан азасы” Қ. Рахметовтың “Ержүрек ағайындылар” Мұхтар Әуезов “Қарагөз” Иран-Ғайыптың “Адасқан бақ құсы” спектакльдерінде массовкаға қатысты Қ. Рахметовтың “Ержүрек ағайындылар” спектаклінде – Қоян образын сомдады. А. Сапышевтің “Күн астындағы Күнікей” ертегісінде – Күнікей образын сомдады. Н.Мұратханованың биге қабілеті бар. http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/muratkhanova-nazym.html