Хилиазм (гр. Chilias - мың) - ақырзаман алдында жаратқанның жер бетіндегі мыңжылдық "патшалығы" туралы діни ілім. Хилиазм иудаизмге және алғашқы христиандыққа тән болып, жебеуші мессияның келу идеяларымен байланыстырылды. Хилиазм идеялары құлдар мен кедейлерді өзіне тартуға тырысты. Рим империясының ресми дініне айналған христиандық жер бетіндегі тәртіпті өзгерту әрекеттерінен бас тартты, о дүниеде сый-құрмет көрсету идеясынан баса назар аударып, Хилиазмды жалған әлем ретінде теріске шығарды. Орта ғасырда хилиазм шаруалар мен қала тұрғындарының феодализм қанауға қарсы әлеуметтік наразылығының діни сипатын білтіретін бірқатар эретикалық ілімдерде қайта жанданды. Қазір хилиазм - кейбір діни секталар идеологиясының құрамдас бөлігі. Санат:Тарих Санат:Ғылым Санат:Дін Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Хилиазм · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.