Үлкен Құндызды – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 3150 км2.
Бастауы Қоянды тауының оңтүстігінен және Батпақты ауылының батысынан басталып, Құндызды өзенінің сағасынан 8 км жоғары жерде Бала Құндызды өзенімен қосылып Нұраға құятын Құндызды өзенін құрайды.
Гидрологиясы Аңғары кең, жағасы көп жерінде жарқабақты. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа көп жылдық су ағымы Сұңқар ауылы тұсында 0,55 м³/с. Қарашада қатып, сәуірде мұзы түседі. Басты салалары: Елтоқ, Топан, Сабырқожа. Бұлардан басқа, ұзындығы 10 км-ден аспайтын, жалпы ұзындығы 49 км болатын 25 ұсақ саласы бар. Өзенде алабұға, мөңке, тасбас, оңғақ, шортан т.б. балықтар кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Осакаров ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы