Шұбарқұдық — Ақтөбе облысындағы кент, Темір ауданының және Шұбарқұдық ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 179 км жерде, Шилі өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 11 495 адам (2006); 11 199 адам (2009); 12 991 адам (2016). 13 428 адам (2018).

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14125 адамды (7050 ер адам және 7075 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Транспорты Атырау-Қандыағаш темір жол құрылысына байланысты қаланған. Кентте темір жол көлігі кәсіпорындары бар.

Тарихы 1931 жылы Шұбарқұдық, Жақсымай мұнай кәсіпшіліктерін игеруге байланысты, Шұбарқұдық қоңыр көмірін өндіруге байланысты пайда болған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері