Тауарпа () – астық тұқымдасының арпа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биологиядық сипаттамасы Биіктігі 50-100 см, сабағының түп жағы бадана тәрізді жуан, жапырақтары жіңішке, ені 3-7 мм, аздап бұдырлы, үстіңгі беті түкті. Масағы жіңішке, ұзындығы 6-13 см, ені 6-9 мм, сынғыш, қыры қатты түкті, үш-үштен топтанған, ортаңғысы тұқым береді, екі жағындағылары тұқымсыз. Мамыр-маусымда гүлдейді. Таралуы мен өсу аймағы Жерорта теңізі маңында, Иранда, Қырым, Кавказ, Орта Азия, Батыс Сібірде, Қазақстанда Түркістан маңы, Алтай, Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда, оңтүстік құрғақ далалы аймақтарда таудың оүтүстік беткейлерінде, тау баурайларында өседі.
Кәсіптік маңызы Масақ салғанға дейін жақсы мал жайылымы және жақсы пішенді шөп. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 589 бет
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы