Александр Николаевич Степанов(2.2.1892, Одесса,-30,10,1965,Мәскеу)- орыс кеңес жазушысы.

Өмірбаяны Офицер отбасысында туған.Петербург технологиялық институтын бітірген. (1913). 1- дүниежүзілік соғыс (1914-1918), Азамат согғыстарына қатысты (1918-1920). Шығармалары 1938 жылдан жарияланды. «Порт-Артур» (1-2 кітап., 1940-1941; КСРО Мемлекеттік сыйғы,1946; И.Ф.Поповпен бірге осы аттас пьеса жазылды, 1946), оның жалғасы «Звонарев әулеті»(1-2 кітап., 1959-1963) романында 1904-1905 ж. орыс-жапон соғысын суреттеді. Степановтың бұл екі туындысы да («Порт-Артур»,1951,1954,1959; «Звонарев әулеті»,1-кітап.,1969-1972) қазақ тіліне аударылды. Сыйлықтары Степанов 2 орден және медальдармен марапатталды. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 416 бет

Дереккөздер

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:1892 жылы туғандар Санат:Одессада туғандар Санат:30 қазанда қайтыс болғандар Санат:1965 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасырдағы Ресей жазушылары Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Тарихи романдар авторлары Санат:Жазушы-әлеуметтік реалистер Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер