Луи Оскар Фроссар - француз саяси қайраткері. Қызмет жолы 1905 ж. Француз социал партиясына кірді. 1918-1920 ж. осы партияның бас секретары болды. 1920 ж. Коминтерннің 2-Конгресіне қатысты. 1920 ж. С.Кашенмен бірге В.И.Ленинмен әңгімелесті. Француз компартиясы құрылғаннан кейін 1920 ж. оның тұңғыш бас секретары болды. 1923 ж. ФКП-ден шықты. 1928-1940 ж. Луи парламент депутаты, 1936-1940 ж. түрлі үкіметтерде министр болды. Соғыстан бұрыңғы жылдары Луи Оскар бір тұтас жұмысшы майданына және еңбекшілердің бірігіп қимыл жасауына қарсы шықты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:Франция тұлғалары