Камышенка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Подборный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, дала белдемінде орналасқан.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен946 843 89,1 460 386 83,9 486 457 94
Тарихы Іргесі 1954 жылы А.С. Пушкин атындағы шошқа кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылы кеңшар негізінде “Камышное”, “Құрылысшы” және “Подборное” ЖШС-тері, 4 шаруа қожалықтары, машина-трактор жөндеу шеберханасы ұйымдасты.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Ауыл арқылы Семей-Рубцовск (Ресей) автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Бородулиха ауданы елді мекендері