Лабиринттілер () – алабұға тәрізділер отрядына жататын балықтардың отряд тармағы.

Жалпы сипаттамасы Лабиринттілер желбезегінің үстінде ауамен тыныс алатын органы - лабиринт аппараты болады. Дене тұрқы 20-60 см (анабас, гурами). Лабиринттілердің 4 тұқымдасқа бірігетін 30 түрі бар. Ағысы баяу және ақпайтын суда тіршілік етеді. Кей түрі күріш егістігі суында кездеседі, егістік тартылса құмға көміліп, ауамен тыныс алады, не қанат желбезегіндегі тісті өсінділерінің көмегімен жылжып, өзен, көлге барады. Олар судағы омыртқасыз жәндітермен қоректенеді. Көбею кезінде су бетіне ұя жасайды.

Таралуы Лабиринттілер Оңтүстік Азияда, Үнді-Малая архипелагы, Оңтүстік Африка өзендері мен көлдерінде таралған.

Кәсіптік маңызы Лабиринттілердің кәсіптік маңызы бар. Үндістанда, Азияның кей елдерінде тоғанда өсіріледі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Алабұғатәрізділер