Герасим Степанович Лебедев (1749 жыл 15 шілде, Ярославль - 1817 жыл 27 шілде, Санкт-Петербург) - орыс саяхатшысы әрі ғалымы, үндітану ғылымының негізін салушылардың бірі, музыкант. Өмірі Еуропалықтардың ішінде бірінші болып бенгал, хинди тілдерін үйренді, санскрит жазуымен танысты. 1795 жылы Калькутта қаласында еуропалық типте театр ұйымдастырды. 1801 жылы Лондонда «Хинди тілінің грамматикасы» атты еңбегін ағылшын тілінде жарыққа шығарды. Орыс тілінде Үндістанға арналған бірқатар еңбек жазып, басып шығарды, олардың ішінде «Шығыс Үндістан халықтарының әдет-ғұрыптары мен салттары» т.б. еңбектері бар. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1749 жылы туғандар Санат:Ярославль облысында туғандар Санат:27 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1817 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ресей саяхатшылары Санат:Ресей шығыстанушылары Санат:Ресей ғалымдары