Құрманшат – Бетпақдала тасты шөлінің оңтүстігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылының солтүстік-шығысында 44 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 487 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, қатты тілімденген. Батысында Желдібұлақ бұлағы, солтүстігінде номері 400 құдығы, оңтүстігінде Сарыой қонысы бар.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, эфедра, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары