Лиссабон шарты - 1703 жылы 16 мамырда Лиссабонда Англия мен Португалия арасында жасалған саяси және соғыс одағы туралы шарт. Лиссабон шартына сәйкес Англия Испания мен Францияға қарсы соғыста Португалия жағалаулары мен оның Еуропадан тыс иеліктерін қорғауды қамтамасыз ететін әскер мен флот бөлуге, Португалия барлық қарулы күштерімен Англияға көмектесуге тиіс болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Халықаралық конвенциялар Санат:1703 жыл Санат:Мамыр оқиғалары Санат:16 мамыр Санат:Англия тарихы Санат:Португалия тарихы